«Жас таланттар» жобасының қатысушылары Грузияда өткен халықаралық байқауда 8 жүлделі орынға ие болды

02/07/2024

Дарынды балаларымызды және олардың тәлімгерлерін Батумидегі "Золотое Руно" халықаралық байқау-фестивалінде тамаша өнер көрсетулерімен зор қуанышпен құттықтаймыз!

Сіздердің жарқын өнерлеріңіз қазылар алқасы мен көрермендердің жүрегін жаулап, лайықты марапаттарға ие болды:

Би байқауында:
"Қызғалдақ” биі - 1-орын
"Ковбой” биі - 2-орын

Домбыра тартушылар байқауында:
"Жекпе-жек” күйімен
"Жалын" тобы - 1-орын
“Ер тұран” күйімен
"Белес" тобы - Гран-при
"Тепеңкөк” күйімен “Тұлпар” тобы - 1-орын

Домбырашылар:
Жұмаханов Заңғар - 1-орын
Қабдешов Ерсұлтан - 1-орын
Күздікбай Әмір - 1-орын

Аталған жетістік биік шығармашылық жолдың бастауы болсын!

"Samruk-Kazyna Trust" қоры әртүрлі бағытта балаларға жан-жақты қолдау көрсетеді және дарынды балалардың халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысуын қаржыландыруға дайын.

Comments are closed.