Жаңаөзендік 50 бала «Самұрық-Қазына» қолдауымен үздік білім алды

17/06/2024

Түлектердің алды отандық және шетелдік озық жоғары оқу орындарына оқуға қабылдануда.

Қор құрамындағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының ұсынысымен, бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауы арқылы Жаңаөзен қаласынан 50 бала «Жарқын болашақ» бағдарламасы арқылы екі оқу жылы бойы көкжиегін кеңейтті. «IQanat High School of Burabay» мектебінде бірнеше кезеңдегі тестілеу аясында таңдалған оқушылардың жол жүруге, тамақтанып, тұруға және қажетті мектеп киімін алуға байланысты шығынын толық жапты. Бағдарламаның мақсаты - Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласының балаларына еліміздің үздік мектептері мен колледждерінде бәсекеге қабілетті білім алуға мүмкіндік беру.

Жобаға қатысушылар өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай, келешек даму үшін қажетті дағдыларды - сыни ойлауды, ой-сана зияткерлігін және көшбасшылық қасиеттерді меңгерді, жоғары оқу орындарына түсуге дайындықтарын күшейтті. Заманауи әрі жаңаша әдістемелер бойынша оқыту нәтижесінде балалардың академиялық көрсеткіштері артып, өзекті техникалық және шығармашылық IT-дағдылары қалыптасты.

«Екі жыл бұрын ғана Бурабай бауырына сонау батыстан әке-шеше, жақындарыңыздан қасынан, ыстық ұяларыңызды қиып келдіңіздер. Қор, өз кезегінде, сіздердің алаңсыз озық білім алуларыңызға жағдай жасап, болашақ жетістіктер үшін бастапқы табыс алаңын қамтамасыз етуге күш салды. Міне қазір алдыларыңыз еліміздегі және шетелдік үздік жоғары оқу орындарына түсуде. Ата-аналарыңа, мұғалімдерге алғыс! Ел келешегі сіздердің қолдарыңызда», - деді түлектердің қамқоршылармен кездесу кешінде «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Альфия Адиева.

Бұдан бөлек, Қор демеушілігімен 9 өңірдегі 45 орта арнаулы білім беру ұйымында оқудағы тағы жаңаөзендік 177 баланың екеуі былтыр жұмысқа орналасып үлгеріп, 36-сы биыл колледж бітірді.

Comments are closed.