28/12/2023
Бюджеті: 27 384 980 тг
Іске асыру мерзімі: 2023 жылдың шілдесі - 2023 жылдың желтоқсаны
Жобаның географиясы: Павлодар облысы
ҮЕҰ атауы: «Аяла» жеке қайырымдылық қоры» жеке қоры
Мақсаты: Балалық шақтағы көру қабілетінің бұзылуын азайту үшін перинаталдық орталықты торлы камерамен жабдықтау.
Мақсатты топ:
Келесі көрсеткіштері бар шала және өте шала туған нәрестелер:
1) туған кездегі дене салмағы 2000 грамға дейін;
2) босану кезіндегі жүктілік мерзімі 34 аптадан аз;
3) ауыр перинаталдық анамнездің болуы;
4) жаңа туған нәрестенің тұрақсыз клиникалық жағдайының болуы.
Жобаның сипаттамасы: №1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы балалық шақтағы көру қабілетінің бұзылуының көрсеткіштерін төмендету мақсатында «3nethra neo» торлы камерамен және кеңсе техникасымен жабдықталды.
Comments are closed.