28/12/2023
Бюджеті: 61 047 000 тг
Іске асыру мерзімі: 2024 жылдың қаңтары - 2024 жылдың маусымы
Жобаның географиясы: Атырау облысы
ҮЕҰ атауы: «Миялы» мүгедектер қоғамдық бірлестігі
Мақсаты: Миялы ауылындағы оңалту орталығына мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау үшін сапалы медициналық тренажерлермен жабдықтау және медициналық көлік сатып алу
Мақсатты топ: Мүгедектігі бар ересектер: әртүрлі жарақаттар мен инсульттан, инфаркттан кейін
Жобаның сипаттамасы:
Жоба аясында жоспарлануда:
- Пациенттерді ауылдардан аудан орталығына, аудан орталығынан облыс орталығына уақтылы тасымалдау мәселесін шешу;
- Диагностика және оңалту бойынша сапалы тұрақты қызметтер көрсету арқылы мүгедек тұрғындардың денсаулығын жақсарту және сауықтыру;
- Әр науқастың патологиясын ескеретін және нақты оңалту мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жеке оңалту бағдарламаларын әзірлеу.
Маған ұнайды
2
Comments are closed.