28/12/2023
Бюджеті: 36 500 000 тг
Іске асыру мерзімі: 2023 жылдың қыркүйегі-2023 жылдың желтоқсаны
Жобаның географиясы: Маңғыстау облысы
ҮЕҰ атауы: "Маңғыстау" жергілікті бастамалар орталығы» ҚҚ
Мақсаты: Жоба Ақшұқыр ауылының дәрігерлік амбулаториясының материалдық-техникалық жағдайын нығайтуға бағытталған.
Мақсатты топ: Ақшұқыр және Сайын ауылдарының тұрғындары
Жобаның сипаттамасы:
Жоба аясында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының дәрігерлік амбулаториясы үшін New Oriental 1000UB рентген аппараты сатып алынды. Ақшұқырдағы амбулаторияда алғаш рет қойылған New Oriental 1000ub рентген аппараты арқылы екі ауылдың тұрғындары жедел түрде диагностикадан өте алады. Келген науқастарға бронх-өкпе, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, профилактикалық мақсаттар үшін кеуде органдарының рентгенографиясы, буын аурулары, омыртқа аурулары, жарақаттар үшін сүйек-буын жүйесін тексеру секілді медициналық шаралары көрсетіледі. Тексеру жұмыстары келушінің жас ерекшеліктерін ескере отырып ұсынылады. Мұнда тәжірибелі рентгенологтар қабылдау шараларын жүргізеді. Медициналық аппарат Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр және Сайын ауылында тұратын 25 мың тұрғын үшін қолжетімді болмақ.
Comments are closed.